Қазіргі әлемге тараған вирус төрткүл дүниені алаңдатып, қатты сынға салуда.
Дәл бүгінгі күні ел-жұрт жұдырықтай жұмылып, осынау дауасыз дертпен бірлесіп күресу үстінде. Осы орайда білім беру ошақтары бойынша білім алушылардың жағдайы жасалып отырса да, ата-ана мен балаға, ұстаздарға бұл қиындық туғызуы сөзсіз.
Осындай қиын қыстау кезеңде ауданымыздың жеке кәсіпкерлері аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек қолын созып, демеу болуда. Атап айтсақ, жеке кәсіпкер Жаудин Талғат Хамитұлы округіміздің тұрғыны, М.Әуезов орта мектебінің жалғызбасты аз қамтылған, көп балалы отбасы Гүлназира Нәжімеденоваға, сондай-ақ, көпбалалы отбасы Есқабылов Біржанға жеке кәсіпкер Байменов Аслан Ғизатұлы тегін интернет желісін (WiFi) қосып берді. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, осындай игі бастамаларды қолдайтын жүрегі жомарт, қолы ашық азаматтардың болуы қатты қуантады. Жасаған игі істері мол сауаптан жазылып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болғай.
Құрманғазы ауылдық округі