Құрманғазыда жасыл желектер жайқалады (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Жеке кәсіпкер Серік Баязитов аудандық орталық саябақта арам шөптерді жойып, жасыл желектерді зиянкестерден қорғау жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар аудан әкімдігі алдындағы орталық алаңдағы орындарға да көздің жауын алатын әдемі гүлдерді отырғызыпты.

– Саябақтың ішін тазалап жатырмыз. Мұнда отырғызылғанына жыл жарым болған, жайқалып тұрған жасыл желектер бар. Оларға көбелек үйір келіп, құрт түсетіндіктен арнайы уларды шашып, жапырағын жеп қоюының алдын алудамыз. Аудан әкімдігі алдындағы орталық алаңға біз егіп жатқан гүлдер көп күтімді қажет етпейді. Салдың болды шығады, оларға құрт та түспейді. Ең бастысы уақытымен суарып тұру қажет. Тек сол гүлдерді іргелес Астрахань, Атырау қалаларынан әкелу біраз қиындық тудыруда. Жасыл желектерді отырғызу жұмыстарын да жалғастырудамыз. Бүгінде Құрылысшылар ауылындағы алаңға, мешіт алдына отырғыздық. Бәрін де күтімсіз қалдырмаймыз. Келесі жылы жайнап тұрады, - дейді кәсіпкер.

{ytvideo https://youtu.be/Jr-4nn18V2k|16:9}

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521