Құрманғазыда заңсыз жолаушы тасымалдаған жеке тұлға анықталды

(0 Votes)

«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде құрманғазылық полицейлер заңсыз жолаушы тасымалдаған жеке тұлғаны анықтады.

Құрманғазы ауданының тұрғыны өзінің Армения мемлекетінен әкелінген басқару жүйесі оң жақта орналасқан «Toyota Ipsum» маркалы көлік құралымен Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданы аралығында тіркеусіз, рұқсатсыз, сондай-ақ хабарлама жібермей кәсіпкерлікпен, яғни заңсыз такси қызметімен айналысқан. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның 463-бабы, 1-бөлімі бойынша тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру бойынша іс-құжат жинақталып, аудандық сотқа жолданды.

- Заңға сай шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметке тиым салынады делінген талаптарды бұзып, шетел автокөліктерімен такси қызметін атқарып жүрген жүргізушілердің жүруіне тиым салынған. Сонымен қатар, осы Заңның 212-бабында такси тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемінде төрт бүйір есігі бар, сериялы шығарылатын жеңіл автокөліктер қолданылады. Арнаулы басқаруы бар автокөлік құралдарын такси тасымалдауы үшін қолдану, соның ішінде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулі оң жақтағы автокөлікке рұқсат етілмейді, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521