Құрманғазыда отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде облыс аумағында енгізілген карантин мен шектеу кезеңінде Құрманғазы ауданындағы объектілердің қызметтерін қайта бастауға дайындығын бағалауды жүргізу арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен құрылған аудандық мониторингтік топтың отырысы өтті.

Аталмыш топтың төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов: – Облыс бойынша карантинді күшейту жөнінде қаулы шықты. Соған орай осы топтың жұмысын жолға қоюымыз керек. Кеше бұл жөнінде облыстан тапсырма да берілді. Тексеруге кесте бойынша емес, кез-келген уақытта шығуымыз қажет. Қай уақытта да хабар берсек те 15 минут ішінде бірауыздан жиналуларыңызды сұраймыз. Ешқандай сылтау қабыл етілмейді. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан бұл бағытта қандай жұмыстар жасалуы қажеттігі айтылса, біз соны ұйымдастырамыз. Кеше бір тойханада той болып жатыр, ертең тағы біреуін өткізуге рұқсат сұрап келіп кетті. Оларға рұқсат бермей қайтарып жібердік. Сондықтан тойханалармен қатар асхана, шәйхана, дүкендерді де бақылауды күшейтуіміз керек. Себебі қазіргідей індет өршіп тұрған уақытта жайбасарлыққа салынуға болмайды, - деп сақтық шараларын сақтамағандарға айыппұлдар салу үшін акт толтыру, сотқа жіберу қажеттігін алға тартты. Республикамыз бойынша сенбі мен жексенбі карантин деп жарияланып отырғанын жеткізді.

Қанат Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT