Құрманғазыда тұрғын үй өртке оранып, зардап шегуші 90 % күйік алды (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Бүгін таңертең Құрманғазы ауылы №7 өрт сөндіру бөлімі байланыс бекетінің 101 телефонына Құрманғазы ауылы, М.Қабдолқызы №32 үйдің тұрғыны көршісінің тұрғын үйі жанып жатқандығы жөнінде хабарлады.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде М.Қабдолқызы көшесінде №43 үйдің 20х10 м. бөлігі жанып жатқан. Тілсіз жаудың шығуының себебі үй иесі таңғы ас әзірлеу үшін ас үйдегі газ плитасын қосқан кезде жиналып тұрған газ жарылған. Жалын 10х10 м. ауданды шарпыған. Отпен арпалысқан оғландардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт тез арада сөндіріліп, баспананың қалған 10х10 бөлігі сақталған. Бөлімше жеткенге дейін үй тұрғындары өз күштерімен далаға шыққан. Дене күйігін алған 4 зардап шегуші сол бойда жедел-жәрдем көлігімен аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілді. Өкінішке орай, бір адамды 90 пайыз күйік шалса, қалғандарының денелеріне 15-30 пайыз аралығында зақым келген. 

kabulov1

k

kabulov2

Өртті сөндіруге бөлімнің жеке құрамынан 20 қызметкер оқиға орнында жұмыс жасап, тілсіз жаудың салдары мен шығынын азайтуға бар күштерін жұмсады, - дейді №7 аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Әділ Қоңқаев.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521