Құрманғазыда супермаркет өртенді (ВИДЕО)

(0 Votes)

30 қыркүйек күні 00 сағат 35 минут шамасында Құрманғазы ауданы, Орлы ауылы, Қарабалин көшесі, №2А мекен-жайында орналасқан бір қабатты ғимараттан өрт шықты.

«Орын алған оқиға бойынша шақырту Құрманғазы ауданы, №7 өрт сөндіру бөліміне түскен. Түскен шақырту бойынша өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 1000 м2 ЖК «Бисеновке» қарасты бір қабатты көпфункционалды ғимаратының төбе жабындасының толықтай өртенуі салдарынан "Құралай" супермаркетінің және асхананың толықтай өртеніп жатқандығы анықталды», - деп хабарлады облысы ТЖД.

Өрт 02 сағат 54 минутта оқшаулып, 04 сағат 00 минутта толықтай жойылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Өртті сөндіруге Құрманғазы аудандық №7 ӨСБ-нің 2 бірлік негізгі техникасы мен 17 жеке құрамы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.

«Оқиға орнына Атырау қаласынан сынақ өрт зертханасы жолданды. Өрт туралы хабарлама Құрманғазы аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне кеш түскен. Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады! Өрт бола қалған жағдайда дереу «101», «112» нөмірлеріне хабарласуларыңыз қажет!», - дейді Атырау облыстық ТЖД.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521