Құрманғазыда суицидтің алдын алу тақырыбында жиын өтті

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада 10 қыркүйек – әлем бойынша суицидтің алдын алу күніне орай «Суицид – тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жалпы, суицид дегеніміз – бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни әр түрлі себептерден мінез-құлқының өзгеруіне байланысты қабылданатын эгоистік шешім. Алдымен оқырмандар назарына  «Өмірге бір-ақ рет келетініңді ұмытпа!» бейнеролигі ұсынылды. Жүргізуші, кітапханашы Меңдісұлу Мұхамбетова дөңгелек үстел басына жиналған пікір айтушы қонақтармен таныстырып, алғашқы сөз кезегін аудандық аурухананың психологі Айдана Қадырбаеваға ұсынды. Ол маман ретінде суицидтің түрлерін, оның негізгі себептерін түсіндіріп, өздеріне анонимді түрде жүгінушілердің қатары артып келетінін жеткізіп, жастар мен оқушылар арасында суицидтің алдын алу бағытында жүзеге асқан шаралардан хабардар етіп, кейбір орын алған фактілер бойынша нақты қандай жұмыстар жүргізілгенін  айтып өтті.

Аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы, заңгер Ұлмекен Қибатоллақызы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Азиза Тілекқабылқызы тақырыпқа қатысты өзекті мәселені талқыға алып, елімізде өмірін өз қолымен қиған жастар қатары жыл санап артып келетініне қынжылыс білдіріп, суицидпен күрес жұмыстарын қоғам болып бірге жүргізіуміз қажет деген тұжырыммен дөңгелек үстелді қорытындылады. 

ec03eefc-f300-4088-b6b2-2bc8be730b57

Одан әрі жүргізуші қатысушыларды «Танысу жаттығуына» шақырып, жастармен «Ақиқат орындығы» ойынын өткізді.

Бұдан   кейін аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Өмір қымбат, сүре білген адамға» тақырыбымен вебинар жүзеге асты. Спикерлер өздеріне берілген тақырып бойынша баяндама жасап, мәселені жан-жақты талқыға алды. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова вебинарды қорытындылап, жоба аясында түрлі шараларын сәтті жүргізіп жатқан аналар кеңесінің жұмысына сәттілік тіледі.   

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT