Құрманғазыда қора өртеніп, бір мал төлі жанып кетті

(0 Votes)

Кеше 16 сағат 05 минутта Құрманғазы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімі байланыс бекетінің 101 телефонына Құрманғазы ауылы, Жолжанов көшесінде мал қораның өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама түсті.

Оқиға орнына барған кезде №5 және №7 үйдің жалпы ауданы 1000 м.кв. болатын бір-біріне жалғанып қамыстан салынған мал қораның толықтай жануы орын алды. Тілсіз жаудың салдарынан мал қора ішіндегі 1 бас бұзаудың өртенуі орын алды.

r

Төтенше жағдайлар департаментінен 3 техника және жеке құрам саны 12 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 17:21-де оқшауланып, сағат 18:06-да толықтай жойылды. Міне, №7 өрт сөндіру бөлімі құтқарушыларының жедел әрекетінің нәтижесінде өрт тез арада сөндіріліп, оның салдары мен шығыны азайтылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT