Құрманғазыда бес бала бейімдеу орталығына орналастырылады

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысын төрағаның орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева жүргізді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бала тағдырына қатысты. Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны Б.Ж. жалғызбасты ана, отбасында 5 бала тәрбиелеуде. Алкогольдік ішімдікке жақын, бірнеше рет үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, бала тәрбиесімен тиісті деңгейде айналыспағаны үшін комиссия мәжілісіне түскен. АПБ-нің «қолайсыз отбасы» есебіне алынған. Балаларын үнемі қараусыз қалдырып, өзі қыдырып кетуді әбден дағдыға айналдырған. Күні бүгін Б-Ж-ның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы 2 бөлігіне сәйкес жинақталған құжаттары облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Қазір өзі жүкті, 6-шы нәрестесін күтіп отыр. Алайда, дәрігерлер оны облыстық перзентханаға емделуге жіберуде. Осыған орай, комиссияда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына орналастыру жөнінде шешім алынды.Анасына перзентханадан шыққаннан кейін балғындарын өзіне алуға рұқсат етілетіні ескертілді.

- 2020 жылдың 5 айында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың құқық бұзушылығы мен қылмыстың алдын алу бағытында аудандық білім бөлімі барлық мектептермен бірлесе отырып бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның нәтижесінде күні бүгінге дейін 1 ұрлық фактісі ғана тіркелді. Ол қазіргі таңда құқық бұзушы мен жәбірленушінің татуласыуына орай істен қысқартылды. 1 ата-ана қолайсыз отбасы есебіне алынса, 1 жасөспірім 2 санатпен есепке тіркелді. АПБ қызметкерлері күнбе-күн рейдтік жұмыстарын жалғастырып келеді. Былтырғы жылы 5 айдың қорытындысымен 7 қылмыс фактісі орын алса, биыл тек 1 қылмыс ғана тіркелді, - дей келе, хабарламашы АПБ ЖПҚб ЮПТ –ның аға инспекторы Жарас Бектеміров жазғы маусымда балалардың суға түсу қауіпсіздігін қатаң бақылау, түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.

«Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстар, сонымен қатар, областық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан ауданның балалары» туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева хабарлама жасады.

Ауданда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны – 58. Аудандық білім бөлімі жанынан жыл басынан бері 1 балаға қамқоршы тағайындалған. 2020 жылы Атырау қаласындағы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» КММ-де ауданымыздың жасы кәмелетке толмаған 3 бала орналастырылған. Білім бөлімі бойынша «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 44 балаға 26510 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленсе, сәуір айынан бастап 27 780 теңге жәрдемақы төлеу жөнінде шешім шығарылған.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521