Құрманғазыда 20 автокөлікке сары нөмірлер берілді (ВИДЕО)

(0 Votes)

11 маусым күні аудандық полиция бөлімі басшылығының ұсынысымен  М.Ғилаев көшесіндегі №19 үйде орналасқан аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстарын бастайтынын бұған дейін хабарлағанбыз.

Бұл аудан тұрғындарына аталған көліктерді тіркеуді жеңілдету мақсатында жасалып отыр. Бүгін аудандық ХҚКО-да 20 дана сары түсті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жүргізушілерге табыс етілді. Оны алғашқы болып аудан тұрғыны Мәдір Сағындық Насихатұлы алды.

Айта кетер жайт ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, елімізге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан кіргізілген сол жақ рөлді автокөліктерді уақытша тіркеуге рұқсат берілді. Осыған байланысты 1 маусымнан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік белгі беру жұмыстары басталды. Бұдан бұрын хабарланғандай Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктерді ғана уақытша есепке қоюға болады. Көлік иелеріне тек үш төлем жасау керек. Тіркеу үшін алым - 695, техпаспорт пен баж салығы - 3473, мемлекеттік баж салығы - 7778 теңге. Осылайша, уақытша есепке алу үшін төлем сомасы 11946 теңгені құрайды.

Қажетті құжаттарға тоқталсақ оған жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік тіркеу үшін алымды және мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектер, КҚ және МТНБ есепке алу туралы армян куәлігі, оң рөлден сол рөлге қайта жасалған жағдайда көлік құралы құрылымының (СБКТС) қауіпсіздігі туралы куәлік. Тіркеу барысында жүргізуші тұрғылықты мекен-жайы көрсетілген, қол қойылған сәттен бастап техникалық байқаудан уақытылы өтуге, көлікті сақтандыруды рәсімдеуге, салықтар мен бюджетке төленетін және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге, оның ішінде маркасы, шыққан жылы, шассиі, автокөлік құралын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды толық өтеуге, оларды орындамаған жағдайда келтірілген шығындарды сот тәртібімен төлеуге жауаптылықты жүктейтін міндеттемені толтырады.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT