Құрманғазыда 1 қыркүйекте ауданішілік маршурт шығады

(0 Votes)

Бұған дейін аудан тұрғындары тарапынан таксилердің қымбат сұрайтыны, салон толғанын күтіп кеш қозғалатыны жөнінде жиі реніштер туындап, ауданішілік, ауылішілік жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қажеттігі жайлы ұсыныстар айтылып келді.

Жиналыс сайын көтеріліп жүрді. Осыған орай таяуда аудандық басылымда карантиндик шектеулер аяқталғаннан кейін ауданішілік жолаушылар тасымалы жолға қойылатыны хабарланған болатын.

«Сабақты ине сәтімен», дегендей енді міне онымен айналысатын «Авто-Мобиль М» ЖШС-гі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде осы жұмысты бастап кеткелі отыр. Әзірге Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау бойынша «Ақкөл-Хиуаз-Нұржау-Орлы-Құрманғазы» бағытымен қозғалыс жүзеге асырылады. Бұл маршрут Құрманғазы ауылында орталық «Серпер» базарынан, Ақкөлде теміржол вокзалы маңынан қозғалады.

Жүру кестесіне тоқталсақ, Құрманғазы ауылынан 8.00, 12.00, 14.30,18.00-де қатынайды. Ақкөлде 7.30, 12.00, 14.20, 18.00-де қозғалып кетеді. Көріп отырсыздар жүру уақыты сіздер үшін тиімді.

Бұл маршрут дүйсенбіден сенбіге дейін жүретінін, шектеу шараларына байланысты сенбі-жексенбі күндері тоқтайтынын қаперге береміз.

Сонымен қатар аудан тұрғындарынан оған мінгенде әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде тағып жүру сияқты сақтық шараларын  орындау  талап етіледі. Енді осы игілікті істі қолдап, тиімді пайдалануларыңызды сұраймыз.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT