Құрманғазы дүкендерінде үш күнде баға тағы өсті

(0 Votes)

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлікті қымбаттатпау қажеттігі айтылғанымен олардың бағасы күн өткен сайын кемпірқосақтай құбылуда.

Бүгін біреуі түссе, ертең кері шарықтап кетеді. Бұл әрине, елімізде орын алып отырған инфляцияға байланысты. Ал, оған тікелей әсер етіп отырған әлемдегі қалыптасқан ахуал. Оның елімізге тікелей болмағанымен жанама әсерін жоққа шығармаймыз. Кәсіпкерлер азық-түліктерді әкелетін жерлерінде қымбатсыған соң, түсіріп сата алмайды. Тұрақтандыру қорының бағаны ұзақ уақыт қозғалтпай ұстап тұруға қауқары жетпейді. Үкімет бұл мәселені «арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмейтіндей» етіп, яғни, теңгені құнсыздандырмай  жалақы, зейнетақы, жәрдемақыны көтеру арқылы ма, болмаса басқа жолмен бе, әйтеуір жоғары жақтардан шешуді қарастырмаса, азық-түлікті арзандату әзірге сөз жүзінде қалуда. Бұған жақында «AMANAT» партиясы жанынан құрылған азық-түлік бағасын бақылау тобының құрамында сауда орындарын аралағында тағы да көз жеткіздік. Бұл жолы Құрманғазы ауылдық округінің Құрылысшылар ауылындағы «Қиғаш»дүкенінде, «Нұрболат» супермаркетінде, жеке кәсіпкер Самат Айдарәлиевтің көтерме және бөлшек сауда дүкенінде болдық.

2a1f0cef-0a62-4837-bc7e-07baeed9568b

«Қиғаш» азық-түлік дүкенінде 25 келілік астық 7700, он келілігі 3200, 5 келелігі 1800 теңгемен тұр. Бидай наны 130, рожки 350, қарақұмық 650, күріш 480, картоп 200,сәбіз 230, пияз 280, қырыққабат 150, қант 760, өсімдік майы 750, сиыр еті 2200, құс еті 1300, қораптағы сүт 350, айран 470, сарымай 1100, он жұмыртқа 370, тұз 90, сүзбе 1100 теңгемен қойылған. «Нұрболат» супермаркетінде келімен есептегенде рожки 380, күріш 550, картоп 180, сәбіз 280, пияз 260, қырыққабат 120, қант 720, өсімдік майы 800, айран 480, сарымай 1060, он жұмыртқа 360, тұз 100 теңгемен сатылуда. Жеке кәсіпкер Самат Айдарәлиевтің көтерме және бөлшек сауда дүкенінде рожки 400, күріш 500, картоп 200, сәбіз 230, пияз 270, қырыққабат 130, қант 700, өсімдік майы 680, құс еті 1100, қораптағы сүт 460, айран 350, сарымай 1100, он жұмыртқа 350, ас тұзы 80 теңгемен тұтынушыларға ұсынылуда.

Осыдан үш күн бұрын жүргізілген мониторингпен салыстырсақ рожки 20-40, қарақұмық 148, күріш 110-180, картоп 30-50, пияз 30-50, қырыққабат 10-40, өсімдік майы 60-110, қораптағы сүт 100, айран 100, он жұмыртқа 10-30 теңгеге қымбаттап, қант 30-50 теңгеге төмендеген. Баға тағы да өскен. Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің маманы Арман Хайырлиевтің айтуынша тұрақтандыру қорынан жеке кәсіпкерлер Ақылбек Қайсағалиев пен Самат Айдарәлиев келісін 560 теңгемен 5 тоннадан қант алып, тұтынушыларға 700 теңгемен босатып отыр.

 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521