Құрманғазы ауылында кемпинг салынады

(0 Votes)

Жыл өткен сайын ауылдарымыздың сән-салтанаты арта түсуде.

Бұл Мемлекет басшысының елді дамытуға арналған саясатын жергілікті жерде жүзеге асырудың және туған өлкесінің көркейе түсуін қалайтын аудандағы басшылық лауазымда жүрген азаматтардың қызметінің көрінісі деп білеміз. Биыл Құрманғазы ауылының Қадір елді мекенінде «PromGaz» ЖШС кемпинг құрылысын бастағалы отыр. Құрылыс қазіргі жағдайға байланысты уақытша тоқтап тұр. Жаңа кешен ауылдағы «Қазмұнайгаз» АҚ жанармай бекетіне қарама-қарсы, Сазтүбек жақ бетінде орналасады. Жоба бойынша мұнда жанар-жағармай құю стансасы, автотұрақ (паркинг), газ құю стансасы, жол қызметі нысандары, демалатын, жуынатын орындар, дүкен және т.б. салынады.

promgaz1

Бүгінде 2020 жылдың 16 маусымында өткізілген электрондық аукционның хаттамасы негізінде аталған серіктестікке 1,0 га жер учаскесі 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі мерзімге табысталған. Жобада көрініп тұрғандай бұл кешен салынғанда аудан орталығының сәулеті бұрынғыдан да арта түсетін болады. Сонымен қатар инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

p

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT