Құрманғазы ауданының әкімі құрылысшылар күнімен құттықтады

(0 Votes)

ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз -  құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрылысшылардың еңбегі еліміздің экономикасының дамуы үшін зор маңызға ие. Ең бейбіт және жасампаз кәсіптің өкілдері бұрыннан бері еліміздің бет-бейнесін жақсартып келеді: тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, инженерлік және көлік инфрақұрылымының объектілерін салуда еңбегі өлшеусіз.

Сіздер, аудан құрылысшылары және сала ардагерлері аудан экономикасының сан-саналы дамуына өздеріңіздің лайықты үлестеріңізді  қосып келесіздер. Оның ішінде жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу және оларды күрделі жөндеу, су және кәріз құбырлары жүйесін қалпына келтіру және т.б. жұмыстар бар.

Ауданда  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына бюджет есебінен қаржы бөлініп, елді мекендерде   бірқатар  әлеуметтік объектілердің құрылыстары бастау алып жатыр. Соның ішінде, Құрманғазы ауылындағы Бұзаусылан өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі ,  Алға ауылындағы Қарақұл, Голбин, Көкарна елді мекендеріне ауылішілік су құбыры желісі пайдалануға берілсе, Азғыр ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы, Шортанбай – Жыланды елді мекендері аралығында Шарон өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысы, Хиуаз және Байда ауылдық округтерінде 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жұмыстары жүргізілуде.

Осындай сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында ауылымыздың сәулет келбеті көркейіп, елді мекендер абаттандырылып жатыр. Алдағы уақытта да ауданымыздың өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге таусылмас жетістік, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілеймін!

 

АУДАН ӘКІМІ  М.МУРЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521