Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

(0 Votes)

Бүгіннен бастап аудан әкімінің №427-Ө өкімімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабы, 1 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес Хасанова Гүлнар Әдебиетқызы Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналастыру ішкі конкурстың қорытынды мәжілісінің 2021 жылғы 27 қазандағы №48 хаттамасы, Г.Хасанованың 2021 жылғы 16 қарашадағы №149 өтініші негізінде Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

glnar-taajyndau1

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиында аудан әкімі Марат Мурзиев Гүлнар Әдебиетқызының қысқаша өмірбаянымен таныстырды. Хасанова Гүлнар Әдебиетқызы 1972 жылы 20 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Теңіз аудандық қаржы бөлімінде ревизор-инспектор болып бастаған. 1992-2017 жылдар аралығында аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті, бюджет инспекциясының бас экономисті, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

glnar-taajyndau

Аудан басшысы Марат Бисенғалиұлы жаңадан тағайындалған лауазым иесіне қызметіне зор жауапкершілікпен қарап, Мемлекет басшысының сындарлы саясатын жүзеге асыруда, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосатынына сенімін білдірді. Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов Гүлнар Әдебиетқызының қаржы саласындағы тәжірибесіне тоқталып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде Гүлнар Хасанова ауданның өсіп-өркендеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тырысатынын жеткізіп, артылған сенім үшін алғасын білдірді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521