Өркениет көшінен қалмайтынымызға сенімдіміз

(0 Votes)

Кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы 81,31% дауыс жинап жеңіске жетті. Алдағы 26 қараша күні ұлықтау рәсімі өткен соң халықтан алған мандатымен жұмысқа кіріседі. Қазақстандықтар осындай таңдау жасап, жақсы саясаткер, мемлекет басқаруда тәжірибесі мол азаматты Президенттікке лайық көрді.

«Халық қаласа, хан түйесін сояды», дегендей, Президентіміздің әрдайым халықпен санасып, мұң-мұқтажына көңіл бөліп, түрлі мәселелеріне қанығып, оларды шешуге тапсырма беріп отыратынына тәнтімін. Өзім білім саласының ардагері болғандықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының білім беру саласында жасап жатырған реформаларына қанықпын және оларды қолдаймын. Ауданымыздың білім ұялары да жыл сайын жаңару үстінде. Жаңа сынып кабинеттерімен толығып, бұрын болмаған роботехникалар өмірімізге енуде. Заман талабына сай жаңа білім беру жүруде. Президентіміздің сайлауалды бағдарламасында цифрландыруға көңіл бөлініп отырғаны қуантады. Бұл оқушылардың да білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Әрі кітап толы ап-ауыр сөмкелерін жеңілдетеді. Сонымен қатар, мектептерде салалық пәндерге арналған 7 мың заманауи  сыныптар ашылады. Осылай жалғастыра беруге болады. Бастысы бізді алда оң өзгерістер, ел дамуына серпін берер жаңа игіліктер күтіп тұр. Даму жолына қарыштап қадам басқан Қазақстанымыздың шығар биіктері, еңсерер асулары көп болады деген сенімдемін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дегендей Президентімізге қолдау көрсетіп, балталаса бұзылмас бірлікте, әболар елдің баласы бірін-бірі батыр дер», деген тірлікте болайық.

Нұрлығайын Нұғыманов,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

білім саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT