Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға келді

(0 Votes)

COVID-19 коронавирустық індетіне қарсы іс-қимыл бірлескен іс-шаралар және ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келісімдері шеңберінде Ресей ТЖМ арнайы рейсімен ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласына Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігерлері келді.

32 адамнан тұратын топқа эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер кірді. Ресейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге коронавирустық індет пандемиясымен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен достас халқына алғысын білдіреді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521