Партиялық бақылау маңызын жоймайды

(0 Votes)

Ауданымызда коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылардың көбеюіне орай «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері С.Кулов, В.Ниғметов азық-түлік дүкендерін аралап, карантин талаптарының сақталуымен танысты.

partiyaly-baylau4

Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 18.12.2020 ж. №8 Қаулысына сәйкес, «Құрманғазы ауданы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында карантиндік іс шараларды күшейту туралы» қаулысының талаптарын қатаң сақталуы керектігі жөнінде ескертулер жасаған филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев:

- Біз аудан тұрғындарына санитарлық талаптарды сақтауда әлі де босаңсуға болмайтынын ескерткіміз келеді. Әсіресе, дүкендерге кіргенде әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, бетпердемен кіру, антисептикті қолдану сынды қарапайым ережелерді қатаң ұстанғандары жөн. Немқұрайлылықтың кесірінен қаншама азаматтарымыздан айырылдық. Жұрт карантин шектеулерін сақтаудан шаршады ма, әлде күн сайынғы індеттің жұғу жағдайынан бейхабар ма? Осыған алаңдаймыз... – деген Өмірболат Өтегенұлы сауда нысандарында санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда айыппұл салынатындығын ескертіп, сақтық шараларын басты назарда ұстаудың маңыздылығын жеткізді.

partiyaly-baylau2

Аудандық филиал жанында Партия жарғысына сәйкес партиялық бақылау комиссиясы жұмыс атқарып келеді. Былтырғы жылы  8 округ әкімі, 7 дербес бөлім және 5 мемлекеттік мекеме басшыларының түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында атқарып жатырған жұмыстары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, кейбір мекемелерден келіп түскен еңбек дауына байланысты арыз-шағымдар негізінде жұмыс берушімен жұмыс алушының арасындағы заңсыздықтардың алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оң шешімін табуына ықпал жасалды. Бірқатар әлеуметтік салаларда басталып жүріп жатқан күрделі жөндеу, жаңа құрылыстардың басында болып, жұмыстың сапалы әрі уақтылы атқарылуына мониторинг жүргізілді. Жоспарға сәйкес  «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысын төраға Б.Кенжебаев ашып жүргізді. Алдымен «Аудандық сайлауалды штабының жүргізген үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысы туралы» хабарлама тыңдалып, қаперге алынды. Одан әрі, аудандық сайлау учаскелерінің сайлауға дайындығы пысықталды. Комиссия төрағасы Б.Кенжебаев сайлау күні сайлау учаскелеріне КВИ-дің алдын алу мақсатында санитарлық сақтық шараларын күшейтуді басты назарда ұстау қажеттігін қаперге берді. Үгіт-насихат жұмыстары 9-10 қаңтар күні жүргізілмейтіндігін бақылауда ұстау керектігін алға тартты.

partiyaly-baylau1

Осы мәселелер жөнінде аудандық штаб төрағасы Ө.Есенғазиев және штаб құрамындағы жауапты қызметкерлердің есебі тыңдалып, тиісті шараларын алуға тапсырмалар берілді.

А.Шакупова

"Nur Otan" партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT