Бүгін, 13 шілде күні Аққөл ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау өтіп жатыр.
Таңғы 7:00-де басталған дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Ауыл тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға сайлау учаскесіне келіп жатыр. Сайлау науқанына ауылдың аға буын өкілдері де қатысуда. Аққөл ауылының ақсақалы Әліпқали Тілешов пен жұбайы Үмітәлиева Айман дауыс беріп, азаматтық борыштарын орындады.
– Ауылдың болашағы – халықтың қолында. Әр дауыс – үлкен жауапкершілік. Сол үшін бүгін келіп, өз таңдауымызды жасадық, – деді Әліпқали қария.
Сайлау учаскесіне келушілер легі әлі де жалғасуда.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ