Ошағаннан қалай құтыламыз?

(0 Votes)

Құрманғазыдағы шабындық жерлерді ошаған қаптап кетті. Бұл күні-бүгінге дейін күрмеуі шешілмей тұрған мәселе.

Оны уақытылы алдын алмаусалдарынан арамшөптің алқабы да кеңейіп, нәтижесінде малға азық болар далалық шөптің де, ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне де мүмкіндік бермей тұр. Жайылымдық жердің аталған проблемасына алаңдаушылық танытқан Орлыауылдық округінің тұрғыны Мәлік Матыбаев газетіміздің «Иә, Серпер тыңдап тұр!» атты жаңа айдарынасауалын жолдаған еді. Онда төрт-түліктің жайылар орнын ошаған қаптап, қандай шаралар алынарын сұраған болатын. Мәлік Матыбаевтың сұрағынааудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах жауап берді. Оның айтуынша, бұл өсімдік түрін жоюға бюджеттен қаржы бөлінбейді. Десе де, облыстық бюджетке ошағанмен күрес шаралары үшін ұсыныс жолданыпты.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған газетіміздің тұрақты оқырманы Ниетжан Ғапуұлы өлкемізді қаулаған арамшөпті қаржысыз-ақ игеруге болатынын айтып, редакциямызға хабарласты. Яғни, қазан мен қараша айлары ошағанның көзін құрту үшін таптырмас уақыт екен. –Бұрын кеңшарлар жұмыс жасап тұрған шақта, қыркүйекте малдың шөбін орып болған соң, ошағанды өртеу басталатын. Күздің соңғы екі айыоның басы түсетін уақыт. Сол кезде әр кеңшардың директорларына тапсырма беріп, тікенді арамшөпті трактормен шауып, жинап, өртейтінбіз. Осылайша шабындықты таза ұстайтын едік. Кеңшар тараған соң, бұл жұмыстар да тоқтап қалды. Ал, мұндайістерді жалғастыру үшін арнайы қаржы күтіп, ақша бөлудің керегі де жоқ. Аудан әкімі ауыл басшыларынаарнайы тапсырма берсе немесе жауапты мамандармен бірлесе отырып әр округке тиесілі трактормен аталған қызмет түрлері ұйымдастырылса, оның алдын алар едік. Дер кезінде бетін қайырмаса,бұл мал ұстайтын қазақ үшін судан кем емес халықтық мәселеге айналуы мүмкін, -дейді Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны Ниетжан Ғабдуллин. Сұхбат барысында Ниетжан Ғапуұлы, тікенді тұқымның жануар жүніне жабысар болса, киіз қылып тастайтынын, ол терінің демалуына мүмкіндік бермей, малдың қоңдылығын жоғалтуына әкеліп соғатынын да атап өтті. Оған қоса, жыл сайын кездесетін бұл мәселеде, шабындық орындарын игеріп отырған шаруақожалық иелері мен кәсіпкерлерхалыққа үндеу тастар болса, алынбайтын қамал жоқтығын тілге тиек етті.

 

Жайдарлым Қайреден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521