Атырау каласында облыстық "Ұлттық спорт түрлері" федерациясының ұйымдастыруымен өткен маусымашар бәйгеде Құрманғазы ауданының атбегілерінің мерейі үстем болып, бірнеше жүлдені қатарынан иемденді.
Тай бәйгеден Орлы ауылының тұрғыны Дүйсенов Нұрбектің тайы 3 орын иеленді. Тұлпардың есімі - Ақтолқын. Шабандозы - Әкежан.
Құнан жарыстан Орлы ауылдық округінен Мырзағалиұлы Сәрсенғали (Секенай) жүлделі 2 орынды Тентек-қара тұлпарымен ұтты. Шабандозы ұлы Нұрдаулет.
Аламан бәйгеден Орлы ауылының тұрғыны Хамитов Алтынбектің Айкүрең атты жүйрігі 24 шақырымнан дара келіп, жеңімпаз атанды. Шабандозы - Ақжан.
Айта кетейік, осы 3 тұлпардың да бапкері Жандарбек Әже. Ауданымыздың атбегілеріне алдағы додаларда да сәттілік тілей отырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер демекпіз.
А.Шакупова