«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес 2025 жылдың 13 шілдесінде өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі №23 шешімі негізінде, аудан әкімінің өкімімен 2025 жылғы 16 шілдеден бастап, Бектемиров Жандос Мнафихұлы Орлы ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Бектемиров Жандос Мнафихұлы. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылында 1969 жылы 15 желтоқсанында дүниеге келді. Ұлты қазақ.
Білімі–жоғары.
1990 – 1992 жылдары Целиноград қаржы-экономика техникумын «Салық қаржыгері» мамандығы бойынша;
1999 – 2002 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан экономика және құқық институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Орлы ауылдық округінің тұрғыны.
Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы СПМК-122 мекемесінде «тракторист» ретінде бастаған.
1992-2004 жылдары Құрманғазы аудандық салық комитетінде аудит бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды;
2004-2013 жылдары Құрманғазы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды;
2013 – 2021 жылдары Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары болды;
2021 жылдан бастап Орлы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.