Орлы ауылдық округінің теңгерімінде тұрған электр желілері мен бағаналарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған жұмыстар мердігер мекеме – «Force Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жүзеге асырылуда. Жөндеу барысында электр желілерінің техникалық жай-күйі тексеріліп, тозығы жеткен бағаналар мен сымдар ауыстырылуда.
Аталған шаралар ауыл тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған.