Қоғамдық тамақтану орындары ашылды

(0 Votes)

25 мамырдан бастап ауданымызда да қоғамдық тамақтану орындары, яғни асхана, дәмхана, кафелер ашылды.

Әрине, белгілі бір шектеулері де бар. 30 адамнан артық адамды кіргізуге болмайды және санитарлық талапты қатаң сақтаулары қажет. Олардың жұмысының негізгі шарты – көрші үстелде отырған келушілердің арақашықтығының кемінде 1,5 метр болуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

img_1924

Осыған орай, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Карл Отаров, заңгері Азамат Жандыбаев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының басшысы Ұлыбек Өтегенов, Құрманғазы ауылдық округінің маманы Айнұр Хидуллина, БАҚ өкілімен бірге аталған кәсіпкерлік нысандарда рейдтік тексеру жүргізді.

img_1939

Әлемді ауыздықтаған қауіпті дерттің алдын алу және онымен күресу үшін дүние жүзі түрлі шаралар қолданып келе жатқаны белгілі. Оның ең төте жолы оқшаулану, шектеулерді сақтау. Бұл тәртіпті сақтау оның жаппай таралып кетпеуіне оң әсерін тигізеді. Сондықтан, лауазым өкілдері өз жұмыстарын бастаған қоғамдық тамақтану орындарының иелеріне және келушілерге өз денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтау туралы кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізді.

img_1944

Бүгінде бетперде тағып жүрген адам бірен-саран, көбі оны қажетсінбей шешіп тастаған. Рейд барысында оны тастамауға кеңес беріліп, әркім өз қауіпсіздігіне жауапты екендігі тағы да түсіндірілді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521