"Неке және отбасы туралы" Кодекске 50-ден астам өзгеріс енгізілді

(0 Votes)

Өзгеріске сәйкес анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан, балаға туу туралы куәлік беру қарастырылған. Сонымен қатар, дефис арқылы қосарланған есімдер мен әкесінің атын жазуға рұқсат етілген. Мысалы: егер әкесінің аты Әли-Асқар болса, баланың әкесінің атын Әли-Асқарұлы немесе Али-Аскарович деп көрсетуге болады.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша экс аумақтық қағидат енгізілді. Енді қайталама туу туралы куәлік қажет болған жағдайда отандасымыз қай аймақта туғанына қарамастан кез-келген тіркеуші органға барып, аталған куәлікті алуға мүмкіндігі бар. Ата-аналардың таңдауы бойынша смс-хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеуге болады.

Егер балаға Өзбекстан Республикасында туылған жері бойынша туу туралы куәлігі берілсе, жаңа түзетулерге сәйкес нақты туылған жері көрсетілген қазақстандық үлгідегі мұндай құжатты ата-ананың тіркеуші органнан алуына мүмкіндігі бар. Аталған новелла бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұруға, жәрдемақы алуға, қарыз жүктемесін алып тастауға, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады.

Азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір т үрлері автоматтандырылуына байланысты алынып тасталды. Асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәліктің орнына тіркеуші органмен баланың жеке және ата-анасы туралы мәліметтері көрсетілген туу туралы куәлік ғана беріледі.

Сот шешімі негізінде неке бұзуды тіркеу тәртібі автоматтандырылды. Аталған мәліметтер Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасына оның бұзылғандығы туралы белгі қойылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қазақстан Республикасында тіркелген актілер туралы ақпарат және т.б.) азаматтармен мемлекеттік органдарға ұсыну қажеттігі жойылды.

Жоғарыда аталған новеллалар азаматтардың уақыт және қаражат шығындарын қысқарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесін сандық форматқа көшіру мүмкіндігін береді.

А.Дарғожина,

аудандық Әділет басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521