Ұмыт қалған ұлттық дәстүрлер ұлықталды

(0 Votes)

Ғасырдан астам тарихы бар Абай атындағы жалпы орта мектепте “Ұлылықтың бастауы әз-Наурыз!” атты мерекелік шара өтті.

Бала біткен ойнақ салып еркелеп, жабағыдай жадырап, көңілі шат-шадыман болған ерекше атмосферада ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлер насихатталды.

Шара шымылдығы әсем би және “Сүйінші сұрау” дәстүрімен ашылса, мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы алғаш сөз сөйлеп, аталмыш мерекемен ұжым мүшелерін құттықтады.

Одан бөлек “Түйемұрындық”, “Құда болу” , “Байғазы” мен “Көрімдіктің” айырмашылықтары, “Аластау” дәстүрлі ырымы туралы кеңінен сахналық көріністер қойылды.

Жас мамандарда тойдан кенде қалмай “Бастаңғы” дәстүрін ерекше көрсетті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521