Мемлекет басшысының мұнай-газ саласы қызметкерлеріне айтқан жүрекжарды лебізі – әрбір еңбек адамына көрсетілген зор құрмет деп білемін. Шын мәнінде, мұнай-газ саласы еліміздің экономикалық дамуының берік тірегіне айналды. Бұл салада бірнеше буын өкілдері тер төгіп, мемлекетіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.
Президенттің құттықтау сөзінде осы еңбектің әділ бағаланғаны қуантады. Жаңа буын мамандары да аға толқынның жолын лайықты жалғастыратынына сенім мол. Біз үшін адал еңбек пен елге қызмет етудің қадір-қасиетін жастардың бойына сіңіру – үлкен міндет.
Таңатар Дәрелұлы, ардагер журналист