6-7 шілде күндері Корея Республикасының Чунчхон қаласында өткен таэквондодан Әлем кубогының командалық сайысында Қазақстан ұлттық құрамасы жүлделі ІІІ орын иеленді. Ұлттық құрама сапында олимпиадалық резервтегі Жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылының тумасы Мерген Ғаниев бар.
Айта кетейік, Ганиев Мерген жасөспірімдер арасындағы 2018 жылы Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орын алып, Африка елінің Тунис қаласында өткен Азия чемпионатының қатысушысы, Европа чемпионы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан академиясының түлегі. Өткен жылы ол Алматы қаласындағы таэквондодан Қазақстан Республикасы Кубогында чемпион атанған болатын. Әлемдік аренада ел намасын қорғап, туған жеріміздің мерейін тасытып, абыройын асқақтатып жүрген Мерген Маратұлының жеңісті жолдары жалғасын тапқай дейміз.
Айнагүл Күнұзаққызы