“Мерей” балабақшасында мамандықты таныту шарасы өтті

(0 Votes)

Қазіргі таңда балаларға мамандық туралы түсінікті ерте жастан қалыптастыру – тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі. Себебі бала кішкентай кезінен бастап әр мамандықтың қоғамдағы орнын түсініп, еңбекке деген құрметті бойына сіңіреді.

Мен балабақша тәрбиешісі ретінде күнделікті жұмысымда балаларға мамандықтар әлемін ойын арқылы таныстырумен айналысып жүрмін. Сабақ барысында дәрігер, мұғалім, аспаз, құрылысшы, жүргізуші сияқты мамандықтар туралы әңгімелеп, балаларға қызықты тапсырмалар беремін. Рөлдік ойындар арқылы балалар өздерін белгілі бір маман иесі ретінде сезініп, үлкен қызығушылықпен қатысады.

Ойын арқылы мамандық таныту балалардың қиялын дамытып қана қоймай, олардың сөйлеу мәдениетін, қарым-қатынас жасау қабілетін арттырады. Сонымен қатар, балалар бір-біріне көмектесіп, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Балабақшадағы осындай жұмыстар болашақта балалардың дұрыс мамандық таңдауға бағыт алуына алғашқы қадам болады. Әр мамандық қадірлі, әр еңбек бағалы екенін түсіндіру – тәрбиешінің басты міндеті.Қорытындылай келе, ойын арқылы мамандық таныту – балалар үшін өте тиімді әрі қызықты әдіс. . Біз балалардың арманына жол ашып, болашаққа сеніммен қадам басуына көмектесеміз.

Мерей бөбекжай бақшасының тәрбиешісі: Жантемірқызы Бекзада

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT