Аудандық орталықтандырылған кітапханада «Мектептегі медиация қызметі» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Шараға мектептердің медиация кабинетінің жетекшілері, қоғамдық медиаторлар, кітапхана қызметкерлері, аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Тренингті Абай атындағы жалпы орта мектептің медиация кабинетінің жетекшісі Гүлмира Үмбетова жүргізіп, ситуациялық сұрақтар қойып, оны шешу жолдарын қатысушылармен бірге талқылады. Сонымен қатар, медиатордың жұмыстарынан да ақпараттар беріп, жағдаяттан шығу бағытындағы рөлдік ойындарды ұсынды.
Тренингті аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы қорытындылап, қатысушылар тарапынан айтылған медиация кабинетін ұйымдастыру, ауданға ата-аналармен етене жұмыс жасайтын отбасылық психологты тарту, мектепте жас мадиаторлар клубын құру туралы ұсыныстар аяқсыз қалмайтынын жеткізді.
Айнагүл Күнұзаққызы