Мектеп сөмкесі жеңілдейді

(0 Votes)

Кешегі сайлауда дауыс берушілердің 81,31% қолдауына ие болған, 26 қараша күні ұлықтау рәсімі өткен  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сайлау алды бағдарламасында елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүргенін, бұл мәселе бойынша өзінің ұсынысын халыққа жариялайтынын айтты.

Осының өзі қарызға батып, жалақыдан-жалақыға әрең жетіп жүргендер үшін үлкен қолдау. Әрине, несиені адам қатты мұқтаж болғандықтан алады. Несие деген кейбір адамдарды алғанда қуантқанымен, қайтарғанда ұнжырғысын түсіреді. Себебі, пайыздары аз емес.

Мен, мемлекеттік қызметті де, ұстаздықты да атқарған ардагермін. Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлау алды бағдарламасында көтерілген екінші мәселе ол – мектептерде салалық пәндерге арналған 7 мың заманауи сынып ашу. «Бұл да өзекті мәселелердің бірі. Цифрландыру есебінен ауыр мектеп сөмкесінен құтыламыз», дейді Президентіміз. Балаларға мұндай қамқорлық Кеңес Одағы кезінде де болған жоқ. Сөмке толы кітапты арқалап оқыдық. Қазір шетелдік киноларға қарасаң, ондағы оқушылар арқасына асып алған, іші босқа жақын жеңіл сөмкелермен кетіп бара жатады. Бізде, сөмке деген ішіне тас салып алғандай томпиып, төмен тартып тұрады. Себебі, қазір оқулықтар көп. Цифрландыруға көшкенде бәрін телефонмен, компьютермен оқуға болады ғой.

Жалпы бұл сайлаудан  оң өзгерістердің қайнар бұлағына айналып, ел өркендеуіне негіз қаланарына сенімдімін.

Жұмақай Ғұмаров,
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521