Мектеп оқушылары ант қабылдады

(0 Votes)

Аудандық әскери-патриоттық клубтарының жас мүшелерінің жиыны өтті. Онда білім алушылар ант қабылдап, бес күндік далалық оқу-жаттығудың ашылу салтанаты оздырылды.

Алдымен сапта тұрған әр мектептің шәкірттері лейтенант А.Масалимовке рапорт тапсырып, оған аудан әкімі Марат Мурзиев пен бөлім басшылары, қорғаныс бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, Ауған соғысы ардагерлері қатысты.

2



Алғысөз алған аудан басшысы Марат Бисенғалиұлы: – Құрметті болашақ сарбаздар! Сіздердің ең басты борыштарыңыз - Отанымызды қорғау! Бұл елін сүю, оны қастерлеуге үйрету мақсатында оздырылып жатқан ауқымды шара. Өйткені, еліміз сіздердей келешек батырларға сенеді,-деп қазағы сүйген ұланы болғайсыздар деген лебізбен республикалық, облыстық әскери-патриоттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады.

2

2


Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынжан Рахимұлы, Ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айжарық Әлмұратұлы егемен елдің тәуелсіздігін қорғауға талпынған жасөспірімдерге жарқын болашақ тіледі. Содан соң, тәрбиеленушілер «Лашын» әскери-патриоттық клуб мүшелігіне  өтуге ант қабылдады.

2481

Жиылған көпке жас сарбаздар АК-74 макетін бөлшектеп, жалпыәскерлік қорғаныш толымы мен газтұтқыш киіп, оқжатарды жинап әскери дайындығын көрсетті. Кейін, бөлімше бойынша салтанатты шеруге саппен қадам басты.


Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521