Мал ұрлығын ескерту және ашу, жедел жағдайды тұрақтандыру және аудан көлемінде қалыптасқан криминогендік жағдайды ескере отырып, жауапты аумақтық қызметтерімен бірлесіп, мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында Құрманғазы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың желтоқсан айының 07-і мен 10-і мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандарын (ветеринариялық бақылау инспекторлары мен ветеринариялық дәрігерлер) тарта отырып, тасымалданатын мал құжаттарының заңдылығына және де олардың ұрлық деректеріне қатысының бар-жоқтығына және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерге ет өнімдерінің тиісті құжаттарының болуына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, іс-шара барысында аудан көлемінде ет өнімдерін сататын сауда орындарында, базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Ажгереев Эльдар Ерланұлы,
Құрманғазы АПБ-нің КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты