Мұз үстінде хоккей додасы (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Сенбі күні Шора өзені үстінде хоккейден жарыс өтті. 

Оған аудан орталығынан РТС, Ганюшкин жастары, спорт ардагерлерi және Орлы ауылының командасы қатысты. Көптен бері өткiзiлiп тұрған спорттық ойынды тамашалауға өзеннің екі жағына жанкүйерлер жиналды. Әрқайсысы командаларға тiлектестiгiн қолдауларымен бiлдiрiп жатты. Күн көктемдей болып тұруы себепті мұз үстiн қызыл су басқанымен ойын қызықты, тартысты өтті. "Шешiнген судан тайынбас", дегендей командалардың бәрі жеңiс үшін бар күштерін салды. Зулай ұшқан шайбы мен мұз бетiн сызған коньки үнi жарысқа ерекше сән бергендей. "Бақ шаба ма, бап шаба ма?",деп айтқандай көрермендерi мен жанкүйерлерiне cайлау алдында көтерiңкi көңіл-күй сыйлаған дүбірлі додада РТС хоккей командасы бірінші орын алды. II орын ардагерлер командасына бұйырды. Ганюшкин жастарынан құралған команда III орыннан көрінді. Ауданымызға танымал спортшы, осындай шаралардың басы-қасында жүрген Жандос Бектемiровтi сөзге тартқанымызда:

- Спорттың, салауатты өмір салтының жастар үшін берерi мол. Сымбатты, шымыр болып өседі. Үлкендердің де денсаулығына пайдасы зор. Көптен бері мұз үстіне шығып тұрғанымыз. Барлық командалар да жақсы ойын көрсетті. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев алдағы аптада осындай жарыс ұйымдастырмақ. Онда кубок та берiледi,- деді.

Бiз спортшыдан көз қызықтырар арнайы киімдер мен хоккейге қажетті құралдарды қайдан алып жүргенiн сұрадық.- Оларды өзiмiз қаржы жинап Атыраудан алдыртамыз. Демеуші болатын жiгiттер де бар. Аудан тұрғындарының, жастардың спортқа деген қызығушылығы басым. Бiздiң мақсатымыз да бой сергітіп қоймай, ел ертеңін спортқа баулу ғой. Ал, арнайы киiммен шыққан олардың хоккейге деген қызығушылығын арттырады,- деді Жандос Мнафихұлы.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521