Мұз астындағы балыққа оттегі қажет

(0 Votes)

Қаңтардың екінші онкүндігіндегі қатты аяз өзен-көлдерде мұздың тұтастай қатуына әкеліп соқтырды.

Ауа райы біраз жылығынымен түнгі суықтық мұзды одан әрі қалыңдата түсті. Кей ағынсыз жерлерде оның қалыңдығы 40-50 сантиметрге дейін жетті. Соның салдарынан мұз астындағы балықтарға ауа жетіспестігі туындады.

Мұздың қалың қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына мүмкіндік бермейді. Содан келіп балықтардың ауа жетпей қырылуы орын алады. Мұндай құбылысты балықтардың тұншығуы(замор) деп атайды. Оны болдырмау үшін әр табиғат қорын пайдаланушы өздеріне бөлініп берген учаскелерден балық демалатын ойықтар дайындайды.

m

Ауданымыздағы балық аулау ісімен айналысатын іргелі шаруашылықтардың бірі - «Каспий таңы» өндірістік кооперативі өздерінің «Мальцев» тартымы аумағынан балықтың тыныстауына арналған 50 үкі, 40 ойық дайындады. Қауіпсіздік үшін айналасы баулы қамыстармен қоршалды. Бұл жұмыстарға 1 автокөлік, 2 мотороллер бөлініп, 15 балықшы тартылды. Тұншыға жаздаған балыққа көмекке келген жігіттерге Кенжеғалиев Асланбек пен балық қорын қорғау инспекциясының инспекторы Марат Тұяқбаев жетекшілік жасады. Қазіргі уақытта олар мұздың қайтадан қалыңдап кетуіне жол бермеу қамында жүр.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT