Мәнерлеп сырғанаудағы шеберлігімен таң қалдырған оқушы (+ВИДЕО)

(10 Votes)

Құрманғазы ауылының тұрғыны Нұрали Бектемировтың мұз үстінде мәнерлеп сырғанау өнері көпшіліктің таңданысын тудырды.

Ағасы Ади Бектемировтың Каспий теңізіндегі мұзда түсірген бейнежазбасы әлеуметтік желіге жүктелгені сол-ақ екен, қаралымы сәт сайын артып, түрлі сайт жүргізушілері бөлісуге асығыпты.        

Мәнерлеп сырғанау шеберлігіне қарап Нұралиды көп жылдық тәжірбиесі бар кәсіби спортшы деп қалуыңыз да ғажап емес. Бүгінде ол – Абай атындағы жалпы орта мектебінінің 10 сынып оқушысы. Кейіпкеріміздің бекзат өнерге қызығушылығы осыдан 3-4 жыл бұрын пайда болып,  қабілетін шыңдап келе жатқан жайы бар. Ендеше, біз де талабы таудай талантты жастың тағдыр жолында табаны тайғанамауын тілейміз!  

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521