Ұлттық банк байқау жариялады

(0 Votes)

Қазақстан Ұлттық банкі Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын атап өту аясында 2019 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстан азаматтарының арасында "Жеңіске 75 жыл!" тақырыбына монеталардың үздік бейнеленуіне арналған ашық конкурс жариялайды.

Конкурстың негізгі мақсаты – дарынды азаматтарды анықтау және көтермелеу, суретшілерге өз шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігін беру және Жеңіс күні мерекесінің бірегей пайымдауын ұсыну. Конкурстық жұмыстар қоса алғанда 2019 жылғы 11 – 25 қараша аралығында қабылданады. Бір автордан бір жұмыстан артық қабылданбайды.

Конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 2 желтоқсанда жария етіледі.

2020 жылы бүкіл ел үшін маңызды және айтулы мерейтойлық күн – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі. Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихында терең із қалдырды. Бұл мереке бір жағынан қуанышты, екінші жағынан - қайғылы, себебі ел есінде әскери жылдардың өлшеусіз қиындықтары мен халықтың мәңгілік ерлігі сақтаулы, - делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Конкурс тәртібі мен талаптары Конкурс туралы ережеде сипатталған және Қазақстан Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсындағы "Хабарландыру" бөлімінде орналастырылған.

 

BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика