Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 35 жылдығына орай, "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Мерекелік іс- шараның құрметті қонақтары: Аудандық ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Муфтахов Серік, соғыс ардагерлері Сақташев Айжарық, Молдағалиев Сағынғали, Төлепбергенов Серік, Зинетуллин Темірболат ағаларымыз.
Мақсаты – Ауған ардагерлерін ұлықтап, жастарға патриоттық тəрбие беру. Ауған соғысында ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлерінің ерлігін паш ету арқылы өскелең ұрпақты келешекте жаужүрек батыр болуға, ел қорғаны болуға үндеп, отансүйгіштікке тəрбиелеу. Батырлықты, төзімділік пен шыдамдылықты, жауапкершілік пен адамгершілікті насихаттау.
Шара шымылдығын мектеп директоры Т.Ажгалиева ашты. Оқушылар әскери борышын өтеген жауынгерлердің батырлығы мен ерліктері жайлы білді. Экранда соғыс хроникасының кадрлары көрсетіліп, сахнадан ауған жерінде шыққан әндер естілді. Кездесуге қатысушылар Ауғаныста қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске түсірді. 8-сынып оқушысы Алуа Ерғуатованың "Ардагерлерге арнау" көркем сөзімен, Асылым Каменованың орындауында Әбдімомын Жеделбаевтың "Ерке сылқым" күйімен жалғасты. Мектеп қонақтары өмірлерінің бір тарауы болып өткен соғыс жайлы айтып, жолдастарынан айырылу күйініштерімен бөлісті, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. АӘД пәнінің мұғалімі Н.Жұмабаев ардагерлерімізге рухани қажырлық пен оптимизм тіледі.
15- ақпан Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал -жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. «Біз соғыста қаза тапқан интернационал -жауынгерлердің ерліктеріне бас иеміз. Бұл кездесу елінің азаматы ретінде, болашақ Отан қорғаушы ретінде оқушылардың бойларына рух беріп, Отан алдындағы борышын адал өтеуге ынталандырады»-деп сөздерін қортындылады. Бұл кездесуден оқушылар ұмытпастай әсер алды. Батылдық пен ерліктің ерең үлгісін көрсеткен қаhарман жерлестерімізге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар ұсынылды.