Әлеуметтік оптимизм – ел дамуындағы маңызды көрсеткіш

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындылары еліміздегі қоғамдық көңіл-күйдің айтарлықтай жоғары екенін айғақтап отыр. Азаматтардың 75,9 пайызы елдің даму бағытын дұрыс деп бағалауы – жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижесін халық өз өмірінен көріп отырғанының дәлелі.

Әсіресе жастар арасындағы әлеуметтік оптимизмнің жоғары деңгейі (84,6%) қуантарлық жайт. Бұл еліміздің болашағына деген сенімнің берік екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі тұрғындардың мемлекет саясатына оң көзқарас танытуы әлеуметтік бастамалардың өңірлерде жүйелі іске асып жатқанын білдіреді.

Сауалнамада атап көрсетілген әлеуметтік және экономикалық реформалар – білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, цифрландыру бағытындағы нақты қадамдар – барлығы халықтың сенімін күшейтіп, патриоттық сезімді арттыра түскені байқалады.

Президентке деген сенім деңгейінің 82,4 пайызға жетуі де халықтың қолдауын айқын көрсетіп отыр. Бұл елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың қоғам мүддесіне сай екендігін дәлелдейді.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері Қазақстан халқының болашаққа сеніммен қарайтынын және ел дамуына белсенді үлес қосуға дайын екенін көрсетеді.

Сабыржан Сұлтанов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT