Лайықты марапат өз иесін тапты

(0 Votes)

Қоғам қайраткері,ағартушы-ғалым А.Байтұрсынұлы «Мұғалім-мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ,ұстаз деген –ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Сондай жандардың бірі, ұлағатты ұстаз, Абай мектебінің тәжірибелі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Мирасова Маржан Максимқызы.

“Өмір” деген айдынға талай шәкірттерді шыңдаған, жанға шабыт бітіріп, қаламға қанат байлатқан ұстаз еңбегі бүгінде үлкен марапатпен өлшеніп отыр.

22 қыркүйек күні «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Еңбек күніне арналған «Еңбегімен ел таныған» тақырыбында Құлсары қаласында өткен жиында Маржан Максимқызы “Үздік педагогикалық қызметі үшін” Халық мұғалімі Құсайын Айтқалиев атындағы арнайы орденмен марапатталды.

Осыған орай мектеп ұжымы қадірлі ұстазды зор ықыласпен күтіп алды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT