Кудряшов ауылында 120 орындық жаңа балабақша салынады

(0 Votes)

Кудряшов ауылдық округінде  тұрғындармен болған жиында округ әкімі Жасұлан Сүндетов есепті кезеңде атқарылған істер жөнінде қысқаша баяндамасын жасады.

- Тұрғындармен болған алдыңғы есеп беру кездесуінде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсам,  ағымдағы жылдың маусым айында Кудряшов ауылындағы Ф.Мазуров көшесіне 26 нүкте, «Бейбітшілік» көшесіне қосымша 12 нүкте жарық шамдары орнатылды. Алдыңғы жобада қамтылмай қалған 12 шақырым ауылішілік асфальт жол мен 5 шақырым жаяу жүргіншілер тротуарын төсеуге жобалық-сметалық құжаттары жасалды.  Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуге құжаттар дайындалу үстінде. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Amanat» партиясы сайлауалды бағдарламасында көзделген Кудряшов ауылынан 120 орындық жаңа балабақша құрылысын тұрғызу үшін жер учаскесі бөлінді. Тапсырыс беруші – аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі. Ауылдық клуб және дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізуге жолданды. Мердігер мекеме - «Эдемстрой» ЖШС. Ал, шағын футбол алаңын салуға жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау үшін қажетті 8926,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Болашақ алаңға жер учаскесі бөлініп қойылды, - деді.

3c95931d-2057-479e-983c-f856d450815a

Жаңаауыл елді мекенінің тұрғыны Қ.Қуанышев ауылішілік жол құрылысы салынбаған көшелерге жол төсеу, Сахалин көшесіне түнгі жарық орнату мәселесін көтерді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Рамазанов жарықтың жиі өшуі жүйкені жұқартып тұрғанын айтса, Г.Жүнісова ветеринар дәрігердің жұмысын жолға қоюды өтініш етті. Айтылғандардың біразы баяндамада қамтылғанын  қаперге берген округ әкімі Ж.Сүндетов биылғы жылға жоспардағы көшелерге түнгі жарық орнату аяқталғанымен  Сахалин көшесін жарықпен қамтуды қарастыратынын қаперге берді.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев ауылдарда жарықтың жиі сөнуі жөнінде округ әкіміне «Атырау-Жарық» мекемесі басшысын хабардар етуді, мал дәрігерлік қызметтің жұмысын қадағалауды тапсырды.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521