Құрманғазылықтар ҚР Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановпен кездесті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауданға іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламанті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғановпен кездесу өтті.

Аудан тұрғындары өздерін толғандырған көпшілікке ортақ әлеуметтік мәселелерді ашық жеткізді. Әсіресе, түп тереңдету жұмыстарының сапасыздығы, бұралқы иттер, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдер, оның ішінде жүн теріні өңдеу, бақташы табудың қиындығы, коммуналдық төлемдердің өсуі, дәрігердің жеткіліксіздігі, халық денсаулығын жақсарту және тағы да басқа өзекті мәселелерді ортаға салды.

Депутат көтерілген проблемалардың жедел әрі жүйелі шешілуіне күш салып, назардан тыс қалдырмайтынын және жауапты органдарға хат жолдайтынын жеткізді.

Аудан тұрғындарымен кездескен мәжілісмен қатысушылардың ұсыныс-тілектерін толықтай тыңдап шығып, шұғыл шешімін күткен проблемалар мен ұсыныстарды жоғары жаққа жеткізіп, шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT