Құрманғазылық Мейіржан Мәскеуде өткен халықаралық фестивальдің жүлдегері

фото: Құрманғазы Аудандық Әкімдігінен
(0 Votes)

Ресей елінің Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Jas Tolqyn» ЖАС ТАЛАНТТАР фестивалінде Жаңаталап ауылдық округі Хиуаз ауылындағы Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің түлегі Бейбітұлы Мейіржан көркемсөз номинациясы бойынша жүлделі  І орынды иеленіп, ел мерейін асырды.

Жетекшісі Мадекешова Клара Қдырсихқызы. Клара Қдырсихқызы тәрбиелеген шәкірттер үлкен сахналарда өнер көрсетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Аталған білім ордасының шәкірттері мен ұстаздар қауымы биылғы оқу жылында үлкен жетістіктер көрсетуде.

Оның ішінде білім, спорттық және көркемөнерпаздар сайысы да бар. Туған жердің түлегі Мейіржанға өнер жолында талай белестерді бағындырып, театр әлемінде өзіндік ізіңді қалыптастыруыңа тілектеспіз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT