Құрманғазылық қоғамдық қор лауреат атанды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының "Құрманғазы-Туған жер" қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйақысының лауреаты атанды!

БІЛІМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ, АҚПАРАТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ саласындағы мақсаттарға қол жеткізгені үшін қоғамдық қор аталмыш марапатпен ұлығыланды. Бұл — 7 жылдық адал еңбек, үздіксіз ізденіс пен командалық жұмыстың нәтижесі.  

Марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева атынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай табыстады.
-Бірге атқарған әр іс – нәтижелі, әр жетістік – ортақ!

Алда әлі талай тың идеялар мен жобалар күтіп тұр.  

Алла елімізге тыныштық, қоғамымызға игілік, әрқайсымызға амандық берсін! - дейді қоғамдық қор басшысы Азамат Абдуллаев.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT