2024 жылдың желтоқсан айының 29 күні Атырау қаласының «Жусан арена» спорттық залында 2014-2015 жылғы балалар арасында Барсы Атырау академиясының ұйымдастыруымен баскетбол ережесі бойынша «Көңілді старт» жарысы өтті. Жарысқа аудан және қала командалары қатысып, жарыс қорытындысы бойынша Құрманғазы ауданы командасы облыстық бәсекеде жүлделі 1 орын иеленді.
Осы жарыс жеңімпаздары:
1. Зұлпыхар Айсұлтан – Абай жалпы орта мектебі
2. Идаятов Алмат –Абай жалпы орта мектебі.
3. Муратов Алихан – Абай жалпы орта мектебі.
4. Ерболат Нұртілек - Ауезов жалпы орта мектебі
5. Бакытжанов Нурислам – Ауезов жалпы орта мектебі
6. Махмутов Альнур – Ломоносов жалпы орта мектебі.
7. Максутов Еркебулан – Лмоносов жалпы орта мектебі.
8. Қанат Ерфан – Ломоносов жалпы орта мектебі.
9. Кисметов Ерасыл – Ломоносов жалпы орта мектебі.
10. Фазылов Амирбек – Ломоносов жалпы орта мектебі.
Жарыс жеңімпаздары дипломдармен, кубокпен арнайы түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздарын жеңісімен құттықтап, алар шыңдарың биік болсын деген тілек айтамыз! Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылып жатқан тамаша жарыс үшін, «Барсы Атырау» академиясының ұйымдастыру тобына үлкен алғысымызды білдіреміз!