Құрманғазы ауданында су тазарту ғимараты мен құбыр желілері қайта жаңғыртылуда

(0 Votes)

Бөкейхан және Кудряшово ауылдық округтерінде су тазарту ғимараты мен құбыр желілері қайта жаңғыртылып жатыр.

Аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Мұратбек Мұхитовтың айтуынша, құрылыс нәтижесінде Бөкейхан ауылының 1 812, Кудряшов ауылының 1 219 тұрғыны таза ауыз суымен қамтылады.

– Құрылыс-монтаждау жұмыстары былтыр 13 желтоқсанда басталды. Мердігер мекеме - «Болат-Д» ЖШС. Қазіргі таңда траншеялар қазылып, полиэтилинді тұрбалар салынып, қайта көму жұмыстары жүруде. Сондай-ақ темірбетонды құдықтардың шұңқырлары қазылып, орнатылды, ал су тазарту ғимараты орналастын учаскенің жері тегістелуде. Жоспарға сәйкес, пайдалануға келер жылдың қазанында тапсырамыз,- деді М.Мұхитов.

 

Ә.ҚАНАТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521