Жаңа жыл өзіндік өзгерістерімен басталды. Аудан басшысы Абат Жанғалиевтың өкімімен аудан әкімі аппаратының басшысы болып Ердешов Данияр Әдебиетұлы тағайындалды.
Ердешов Данияр 1991 жылы 4 қыркүйекте Құрманғазы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2013–2018 жылдары Атырау облыстық полиция департаменті Құрманғазы аудандық полиция бөлімінде тергеуші, 2019-2024 жылдар аралығында облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, осы лауазымға тағайындалғанға дейін басқарманың жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысы қызметін атқарды.