Мәскеудің №4 психиатриялық-клиникалық ауруханасында жұмыс жасаған психолог Владимир Крупин «Комсомольская правда» газетінің тілшісімен әңгімесінде үнемі кеңседе жұмыс істеп үйренген адамдарға оны қашықтықтан қалай жасауға болатындығы жөнінде кеңес береді.
Осыны бір қажеті болар деп ықмшамдап аударып назарларыңызға ұсынамыз.
В.Крупиннің мәлімдеуінше қандай дегенмен де кеңседе жұмыс жасап, белгілі бір рәсімдерге, ұжымдастарымен ашық қарым-қатынасқа үйренген адамдарға бірден қашықтықтан жұмыс жасауға көшу белгілі бір қиындықтар тудырады. Өзін айдалада жалғыз қалғандай сезінуі де мүмкін.
«Адам жұмыс уақытында кездейсоқ үйінен табылса ол психологиялық тұрғыдан алғанда бүгін демалыс күні деп сезінуі әбден мүмкін. Сондықтан жұмыс жағдайына бейімделуі қиынға соғады. Оның үстіне үйде назарын аударатын және көңілін көтеретін барлық нәрселер жанынан табылады. Бірақ кез-келген қолайсыз жағдайды өзіңе пайдалы етіп бұруға болады. Егер өзіңізді оқшаулауға тура келсе немесе жұмыс беруші қашықтықтан жұмыс жасауға жіберсе, сізге алдымен мойыныңызды басқаға бұрғызбайтын жұмыс кестесін дайындауыңыз керек. Сонда жеңіл болады. Оны төрт сағаттан екі кезеңге бөліңіз. Қалған уақытыңызды өзіңізге немесе көптен жоспарлап жүрген жұмысыңызға, спортқа, сүйікті фильмдеріңізді қарауға, тазалыққа арнаңыз. Әрине үйде отырып 8 сағат жұмыс жасауға үйренбегендіктен бұл сізге қиындық тудырары анық, ал, нақты және орындалуы міндетті кесте мұны сізге оңайлатады», - дейді психолог.
Ақпарат көздерінен аударған Қанат ҒҰМАРОВ