«Харекет» қайырымдылық қорының 1621-ші баспанасы ауданымыздың тұрғыны, бес баласы бар жалғыз басты ана Фариза Құдайбергеноваға бұйырды. Фариза Теңіз ауылының тумасы, Орлы ауылына тұрмысқа шыққан. Жолдасы өмірден өткеннен кейін балалардың тәрбиесі өзінің мойынына түсіп, баспанадан қиындық көріп жүрген еді.
Енді міне, қор арқылы жеке баспанаға ие болып, қуанышқа кенелді. Көзіне жас алған жас ана балаларын құшақтап, қордың еріктілеріне ризашылығын білдірді. Қоныс тойын атқаруға ауданымыздың барлық кәсіпкерлері қол ұшын созды.
Халықтан жиналған қаржыны тиімді пайдаланып, талай адамдарға баспана әперіп, алғыстарына бөленіп жүрген «Харекет» қайырымдылық қоры облыс бойынша 2025 жыл қорытындысымен «Үздік қор» атанып отыр.
Қанат ҒҰМАРОВ


