Конор-«Ковбой» жекпе-жегін қазақстандықтар қайдан көре алады

(0 Votes)

Қазақстандықтар 18 қаңтардағы ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дональд Серроненің айқасын «QAZSPORT» арнасында тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кейінгі кездесулерін жеңіліспен аяқтап жүрген Конор Макгрегор осыған дейін 25 жекпе-жек өткізіп, 21 рет жеңіске жеткен. Бұған дейінгі айқасын ирландиялық спорты ресейлік Хабиб Нурмагамедовтен өткізіп, төртінші раундта жеңілген еді.

Ал Дональд Серроне өткен жылы 4 кездесу өткізген. Екі рет қарсыластарынан басым түскенімен, қалған екеуінде есе жіберді.

Жекпе-жекте жүргеніне көп болған америкалық спортшы 49 мәрте айқасқа түсіп, 36 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.

Аталмыш турнирді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. UFC 246 жарысы 19 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 07:00-де басталады.

inform.kz 

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21